Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, құтқару құралдарынсыз қайық және басқаларын пайдалануға жол бермеу, суға түсетін жерлерде сақтық шараларын алу мақсатында бірлескен рейдтер ұйымдастырды. Суға түсу маусымы басталғаннан бері осындай үш рейд өткізілді.
Рейд барысында департамент қызметкерлері дыбыс күшейткіш құралдардың көмегімен жағажайдағы адамдарға судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіруде.
Өзендерде адамдар үнемі түсетін жерлер осылайша бақыланбақ.