БҚО төтенше жағдайлар департаменті судан сақтану шараларын жүргізуде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО төтенше жағдайлар департаменті судан сақтану шараларын жүргізуде

БҚО төтенше жағдайлар департаменті судан сақтану шараларын жүргізуде

БҚО төтенше жағдайлар департаменті Ақтөбе және БҚО бойынша «Батыс» өңіраралық көлік инспекциясы филиалымен, Орал қаласы көлік прокуратурасымен бірлесе отырып, судан сақтану шараларын жүргізуде.

  • 30 Маусым 2011
  • 694
Фото - Caravan.kz

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, құтқару құралдарынсыз қайық және басқаларын пайдалануға жол бермеу, суға түсетін жерлерде сақтық шараларын алу мақсатында бірлескен рейдтер ұйымдастырды. Суға түсу маусымы басталғаннан бері осындай үш рейд өткізілді.

Рейд барысында департамент қызметкерлері дыбыс күшейткіш құралдардың көмегімен жағажайдағы адамдарға судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіруде.

Өзендерде адамдар үнемі түсетін жерлер осылайша бақыланбақ.

Соңғы жаңалықтар