БҚО трассасында жүк көлігі өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО трассасында жүк көлігі өртенді

БҚО трассасында жүк көлігі өртенді

Батыс Қазақстан облысында трассада жүк көлігі өртеніп кетті.

  • 12 Наурыз 2018
  • 409
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқыс оқиға туралы куәгер айтып берді. Олар әлеуметтік желіде өртенген жүк көлігі түсірілген видеоларды бөлісті.

«Автомобиль Қазақстан-Ресей шекарасынан 15 км қашықтықта өртенген. Прицептен қара түтін шығып жатыр. Пластмассаның иісі шығып тұр», — дейді жүргізушілердің бірі.

БҚО ТЖД баспасөз қызметіндегілер өздеріне көліктің жанып жатқаны туралы хабардың 11 наурыз күні сағат 18:20 шамасында келіп түскенін айтты.

«Орал-Самара трассасында Зеленовский ауданының Махамбет ауылында жүк көлігі өртенді. Оқиға орнына бірден №2 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жіберілді. Daf маркалы жүк көлігінің өртеніп жатқаны белгілі болды. Көліктің ішінде дәке мен кіші бактар болған. Құтқарушылардың арқасында өрт сағат 19:20 шамасында ауыздықталып, сағат 19:50-де толықтай өшірілді. Өрт сөндіру жұмыстарына екі бірлік техника мен жеке құрамның бес қызметкері жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі мен кінәлілер анықталып жатыр», — дейді БҚО ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару баспасөз қызметінің өкілі Жазира Әбдірахманова.


 

Оқи отырыңыз:

«Жол жүрісі туралы» Заңға қандай өзгертулер енгізілді?

Сақтансаң — сақтаймын. Төтенше жағдайлардың қалай алдын алу керек?

 

 

Соңғы жаңалықтар