Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқыс оқиға туралы куәгер айтып берді. Олар әлеуметтік желіде өртенген жүк көлігі түсірілген видеоларды бөлісті.
«Автомобиль Қазақстан-Ресей шекарасынан 15 км қашықтықта өртенген. Прицептен қара түтін шығып жатыр. Пластмассаның иісі шығып тұр», — дейді жүргізушілердің бірі.
БҚО ТЖД баспасөз қызметіндегілер өздеріне көліктің жанып жатқаны туралы хабардың 11 наурыз күні сағат 18:20 шамасында келіп түскенін айтты.
«Орал-Самара трассасында Зеленовский ауданының Махамбет ауылында жүк көлігі өртенді. Оқиға орнына бірден №2 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жіберілді. Daf маркалы жүк көлігінің өртеніп жатқаны белгілі болды. Көліктің ішінде дәке мен кіші бактар болған. Құтқарушылардың арқасында өрт сағат 19:20 шамасында ауыздықталып, сағат 19:50-де толықтай өшірілді. Өрт сөндіру жұмыстарына екі бірлік техника мен жеке құрамның бес қызметкері жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі мен кінәлілер анықталып жатыр», — дейді БҚО ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару баспасөз қызметінің өкілі Жазира Әбдірахманова.
Оқи отырыңыз:
«Жол жүрісі туралы» Заңға қандай өзгертулер енгізілді?
Сақтансаң — сақтаймын. Төтенше жағдайлардың қалай алдын алу керек?