БҚО тұрғыны 7,5 кг есірткімен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО тұрғыны 7,5 кг есірткімен ұсталды

БҚО тұрғыны 7,5 кг есірткімен ұсталды

ҚР ҰҚК БҚО бойынша қызметкерлері Ақтөбе арқылы Қызылорда облысынан Оралға ірі көлемде есірткі тасымалдаудың жолын кесті. 

  • 8 Сәуiр 2015
  • 255
Фото - Caravan.kz


БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, биылғы наурыз айының басында Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылы маңында Шымкент-Самара халықаралық күре жолында «Тойота Авенсис» ныспылы автокөлігімен Ақтөбе облысынан келе жатқан БҚО тұрғыны ұсталып, көліктің жүксалғышынан 7591,22 грамм марихуана табылған. Сол кезде Ақтөбе қаласында Қызылорда және Ақтөбе облыстарының қос тұрғыны қолға түсіп, олардың мекенжайынан 17,449 грамм марихуана тәркіленді. Келесі күні Ақсай қаласында есірткі сатумен айналысқан адам да тұтқындалды. 
Барлық күдіктілер қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.