БҚО тұрғыны: Отанымызға оралғанымыз үшін су тасқыны кезінде де еш өкінгеніміз жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО тұрғыны: Отанымызға оралғанымыз үшін су тасқыны кезінде де еш өкінгеніміз жоқ

БҚО тұрғыны: Отанымызға оралғанымыз үшін су тасқыны кезінде де еш өкінгеніміз жоқ

Отанымызға оралғанымыз үшін су тасқыны кезінде де еш өкінгеніміз жоқ. Бұл туралы БҚО-ның Тасқала ауылында тұратын Кеңесбай Жұмағалиев мәлім етті.

  • 31 Мамыр 2011
  • 369
Фото - Caravan.kz


Оның айтуынша, түп-төркіні Ақтөбе облысынан. 1930 жылдардың зобалаңы кезінде Қарақалпақстаннан бір-ақ шығады. Ел қатарлы еңбек еткен ол зейнеткер атанады. «Біздің елге оралуымызға, шыны керек, келініміздің туберкулез дертіне шалдыққаны әсер етті. Мұндай ауруды Қазақстанда жақсы емдейтінін естіген соң Отанымызға қайта оралуға бекіндік. 2006 жылы Батыс Қазақстанға табанымыз тиіп, отбасымызға 1,5 млн. теңгедей қаржы алдық. Осыған Тасқаладан үй алдық. Келінімізге ота жасалды, қазір ол өзін жақсы сезінеді. Әрине, ол жақтағы өміріміз бен қазіргі тұрмысымыздың айырмашылығы жер мен көктей. Өз елімізде еркін жүргенге не жетсін. Оның үстіне кім-кімнің де өз шаруасын дөңгелентуіне мұнда барлық жағдай жасалған. Тосыннан тасқын болып, үйімізді су алып кеткен кезде де бізді ешкім далаға тастаған жоқ. Қайта халқымыздың ұйымшылдығын, қайырымдылығын одан сайын сезіндік. Бұйырса, біз биыл жаңа үйге көшкелі отырмыз. Осының бәрі — Елбасымыздың бастауымен алға басқан мемлекет қамқорлығының арқасы», — деді К.Жұмағалиев ақсақал.

Соңғы жаңалықтар