БҚО: үш оқушыны көлік қағып кетті; олардың біреуі ауруханада көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО: үш оқушыны көлік қағып кетті; олардың біреуі ауруханада көз жұмды

БҚО: үш оқушыны көлік қағып кетті; олардың біреуі ауруханада көз жұмды

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы Үшана ауылында «Фольксваген» көлігінің жүргізушісі үш бірдей оқушыны қағып кеткен. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық ІІД өкілі хабарлады.

  • 31 Мамыр 2011
  • 387
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, балалардың бірі жетінші, қалған екеуі алтыншы сынып оқушылары болып шықты. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, бірақ бір баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Қазір жол апатына қатысты тергеу-тексеру амалдары жүріп жатыр. Сарапшылар жүргізушінің апат кезінде спирттік ішімдік ішкен-ішпегенін анықтауда.