Оның хабарлауынша, 2010 жылғы табысы — 2359544 теңге. Аудан әкімінің банктерде құнды қағаздары жоқ, салымдарының көлемі 15 мың АҚШ долларын құрайды. Жеке жылжымайтын мүлкі, автокөлігі жоқ. Қазір аудан орталығында қызметтік пәтерде тұрады.
БҚО тілдерді дамыту басқармасының бастығы Махамбет Ихсанғалидың 2010 жылғы табысы — 2 млн. 462 мың 103 теңге. Жылжымайтын мүлкі жоқ, ол да қызметтік пәтерде тұрады.