БҚО жолдарында қар құрсауынан адамдары бар 3 көлік шығарылды - ҚР ТЖМ - kaz.caravan.kz
  • $ 524.32
  • 609.05
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО жолдарында қар құрсауынан адамдары бар 3 көлік шығарылды - ҚР ТЖМ

БҚО жолдарында қар құрсауынан адамдары бар 3 көлік шығарылды - ҚР ТЖМ

БҚО жолдарында күртік қардан ішінде адамдары бар 3 автокөлік шығарылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

  • 6 Ақпан 2013
  • 302
Фото - Caravan.kz

Сейсенбі, 5 ақпан күні Батыс Қазақстан облысында «Атырау-Орал» тас жолының 429-шы шақырымында Жанғала кентінен Орал қаласына бет алған 5 жолаушысы (соның ішінде бір бала) бар Мерседес (минивен) қар құрсауында қалып қойғандығы туралы ақпарат келіп түсті.

Ақжайық аудандық ТЖБ-нің күшімен (4 адам мен 1 техника) көлік жолдың тазартылған учаскесіне шығарылды.

Сондай-ақ «Самара-Шымкент» тас жолының 325-ші шақырымында Орал қаласынан Жәмпиті кентіне бет алған екі жеңіл көлік қар тұтқынында қалды. Құтқарушылар оларды жолдың тазартылған бөлігіне шығарды.

Барлық үш көлік одан арғы қозғалыстарын өз беттерімен жалғастырды. Зардап шеккендер жоқ.

Перейти к новостям спорта