БҚО-да 100-ден аса ауылды су басуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да 100-ден аса ауылды су басуы мүмкін

БҚО-да 100-ден аса ауылды су басуы мүмкін

 

  • 18 Наурыз 2022
  • 15
Фото - Caravan.kz

БҚО-да су басу қаупіне байланысты бірнеше елдімекен есепке алынды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Өңірдегі өзен-көлдер әлі қар құрсауында. Егер күн күрт жылып, гидрологиялық құрылғылар ағын суға шыдас бермесе, біраз ауылды су басу қаупі бар. Қазір өзендерде мұз ою жұмыстары жүріп жатыр.

Біз ертең күн күрт жылып, су келген уақытта мұздың кептелісі болмас үшін алдын ала кесіп дайындап қоямыз. Су тасқынының алдын алу бұл, сосын мұз кептелісі болмау керек. Мұздың қалыңдығы мына арада қазір 60 пен 70 сантиметрдің арасы, — деді.құтқарушы Бекен Сыдихов.

Ал облыстық ТЖД басқарма бастығы Нұралы Мүсиев болса, облыста қардың биіктігі максимальді 42 см құрайды. Тоң көрсеткіші 1,51 см, сонымен қатар қардың қоры 76 мм. Жалпы, гидроболжамға келсек, облыстың өзендерінде көп жерде ылғал қорының көрсеткіші көпжылдық көрсеткіштерден төмен. Тек Шежін 2 өзенінде 44 пайызға көп. Су басу қаупі әлі де сақталады деді. 

Ал тасқын қаупін төмендетудің арзан әрі тиімді тәсілі осылай мұзды кесу дейді мамандар. Қазір өңірдегі су басу қаупі бар өзен-көлдерде мұз кесу және ойық бұрғылау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар көбіне өзендердің бұрылыстарында жасалады.


Осылай метр жарымнан кесіп аламыз да мұздың астына қарай кіргізіп жібереміз. Кірмеген жағдайда кейде көтеріп жанына шығарып қоямыз. Дұрыс айтасыз, балықтарға да көмегі бар, деді құтқарушылар.

Облыстың 71 процент аумағында ақ ұлпа әлі жатыр. Тек Бөкей Ордасы мен Жаңақала ауданының кей жерлерінде қар жоқ. Су тасқынының алдын алу мақсатында елді мекендерден 980 мың текше метр қар шығарылған. Құтқару қызметінің ат-көлігі сақадай сай күйде. Ал жай көлік жете алмайтын жерлерге мынадай арнайы техниканың көмегімен баруға болады. 

 

Соңғы жаңалықтар