Әдеттегі сценарий бойынша, тұрмыс тауқыметін тартып отырған жандарға бейтаныс адам кеп «тұрақты жалақы мен ішіп-жемін қамтамасыз етем» деп алып кетеді. Келе сала, қос әйелдің алдына 100 бас мал салып беріп, өздерін күн ұзаққа аш құрсақ ұстапты. Түздің жұмысынан бөлек, қожайындары үйдің тірлігіне де жегіпті бұларды. Қалт кетсе аяусыз сабап отырған. Анасын артынан іздеп келген ұлына құл иеленушілер басқа бір шаруа қожалығына ауысып кетті деп алдап, шығарып салған. Тәртіп сақшылары кездейсоқ тексеруге кеп қалып, қара жұмысқа жегілген анасы мен қызын босатты. Ал адам құқығын таптаған кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Гүлсім Хамитова, жәбірленуші:
— Сабады бізді. Айыр демейді, күрек демейді, таяқ демейді. Шыққанымызша деміміз..мынау қамшының ізі. Қызымның қолы анау.