БҚО-да аусыл ауруының бұрқ ете қалуынан 1,1 мың бас мал жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да аусыл ауруының бұрқ ете қалуынан 1,1 мың бас мал жойылды

БҚО-да аусыл ауруының бұрқ ете қалуынан 1,1 мың бас мал жойылды

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы Ақжол ауыл округының Лбищенск кентінде аусыл ауруының бұрқ етуінен 1136 бас мал жойылды, деп Қазақстан ТЖМ хабарлады.

  • 28 Маусым 2011
  • 472
Фото - Caravan.kz

«27-ші маусымға өртеп жіберу арқылы 230 ІҚМ және 906 ұсақ мал жойылды. Инфекция жұққан малды көметін учаске бөлініп белгіленді», — делінген ведомство хабарында.

Хабарда айтылғандай, АШМ-ның БҚО-дағы территориялық инспекциясы Ақжайық АІІБ-мен бірлесіп карантиндік бекеттер қойды. Лбищенск кентіне дезинфекциялық тосқауыл қойылды. Қайталап дезинфекциялау шаралары жүргізілуде.

Еске салсақ, 19-шы маусымда БҚО Лбищенск кентінде аусылға күдікпен бірнеше мал өртенген болатын. Ветеринарлар ауырған малдарда аусыл кеселінің белгілері: ыстығы көтерілуі, сілекейі ағуы, әлсіздігі, аяқтары іріңдеуі байқалғанын айтады.

Соңғы жаңалықтар