БҚО-да аусылдың ошағы анықталып, 100 шақты малдың көзі жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да аусылдың ошағы анықталып, 100 шақты малдың көзі жойылды

БҚО-да аусылдың ошағы анықталып, 100 шақты малдың көзі жойылды

Батыс Қазақстанда тағы да аусыл ауруының ошағы анықталды. Бұл жолы Ақжайық ауданындағы Лбищенск ауылында  аталмыш індетке шалдықты деген күдікпен 100 шақты малдың көзі жойылған. Өткен айда ғана аталған ауданның Тінәлиев ауылында да аусыл шығып, 2 мың басқа тарта мал өртелген болатын.   

  • 22 Маусым 2011
  • 457
Фото - Caravan.kz

Арада ай өтпей, аша тұяқтының қас жауы тағы тіркеліп, жергілікті тұрғындардың мазасын қашыруда. Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтың сөзінше, қазір індет ошағы қоршауға алынып, малға тексеру жүргізілуде. Министр аурудың шығуына бұл жолы да ветеринарлық заң талаптарының сақталмауы себеп болғанын айтады. Яғни, осы дерттің       шығу қаупі бар өңірлерден заңсыз  мал тасымалдау деректері тіркелген. Мамандар індет Батыс Қазақстан облысына оңтүстіктен әкелінген ірі қарадан тарағанын анықтап отыр. Осыған байланысты Мамытбековмырза Үкіметтен аймақтар арасында мал тасымалдау тәртібін күшейтуге көмек сұрады.


Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

— Үкімет отырысында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарынан шығатын жолдарда  ветеринарлық полициялардың постын орнату жөнінде шешім қабылданды. Осы посттар басқа облыстарға аурулардың тексерусіз, заңсыз өтуіне жол бермейтін болады.

Соңғы жаңалықтар