БҚО-да ауыл тұрғыны киік мүйіздерімен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да ауыл тұрғыны киік мүйіздерімен ұсталды

БҚО-да ауыл тұрғыны киік мүйіздерімен ұсталды

 

  • 12 Сәуiр 2020
  • 10
Фото - Caravan.kz

Батыс Қазақстан облысында ауыл тұрғыны киік мүйіздерімен ұсталды, деп хабарлайды Caravan.kz порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-дан түскен мәліметке қарағанда, оқиға 9 сәуір күні Бөкей ордасы ауданы аумағында болған. «Охотзоопром» инспекторлары Бөкей ордасы аудандық полиция бөлімі, ҚР ҰҚК Жәнібек аудандық бөлімі өкілдерімен бірлескен рейд жүргізген кезде Бисен ауылдық округі Бегалы қыстағы маңынан 16 дана киік мүйізі табылып, тәркіленді. Осы қылмысқа күдікті ретінде Бисен ауылының тұрғыны ұсталды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 339-бабы 1-бөлігіне (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Айта кетейік, бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Сондай-ақ белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айырылады.