Жарияланды: 740

БҚО-да «Ауылым - алтын бесігім» атты жастар форумы өтуде

«Нива» спорттық-сауықтыру кешенінде облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Ауылым - алтын бесігім» атты БҚО жастарының V форумы өтуде.

Орал қаласы мен облыс аудандарынан келген жүзден астам жас белсенділер, жастар ұйымдарының жетекшілері көкейкесті мәселелерді ортаға салуда. Екі жылда бір рет өтетін форум биыл ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Тілекқабыл Имашевтің атап өткеніндей, бұдан сегіз жыл бұрын үш-ақ жастар ұйымы болса, қазір олардың қатары 60-тан асты, соның 12-сі аудан орталықтарында жұмыс жасауда. Жастар қолға алған жобаларға бағытталған қаржы көлемі жыл санап өсуде. Биыл жастар саясатын жүзеге асыруға 50 млн. теңге бөлінді. Белсенді жастардың көпшілігі - «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері. Форум аясында үш секция жұмыс жасап, оған қатысушылар мемлекеттік сатып алуды өткізу, экологиялық талаптарды сақтай отырып, жазғы демалысты ұйымдастыру мәселелерін, Ақтөбе облысында екі жылдан бері жүзеге асырылып жатқан «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» атты жаңа бағдарламаны талқылады. Сондай-ақ тренингтерге қатысып, кәсіпкерлікті дамыту жөнінде ой-түсініктерін байытты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін