БҚО-да автокөліктердің кәмелетке толмаған жасөспірімдерді қағып кетуі жиілеген - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да автокөліктердің кәмелетке толмаған жасөспірімдерді қағып кетуі жиілеген

БҚО-да автокөліктердің кәмелетке толмаған жасөспірімдерді қағып кетуі жиілеген

Батыс Қазақстан облысында автокөліктердің кәмелетке толмаған жасөспірімдерді қағып кетуі жиілеп отыр.

  • 30 Мамыр 2011
  • 429
Фото - Caravan.kz

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 24 мамыр күні Орал қаласында белгісіз жүргізуші айдаған «Фольксваген Пассат» автокөлігі бүлдіршін қызды қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Қыз ауыр жарақатпен облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Жедел іздестіру шаралары барысында жол полициясы қызметкерлері автокөлікті тапты. Жүргізуші 37 жасар қала тұрғыны екені анықталып, қазір ол іздестірілуде.

Келесі күні Қаратөбе ауданы Үшана ауылында мас күйінде «VOLKSWAGEN VW351» автокөлігін айдаған Орал қаласының тұрғыны үш бірдей жасөспірімді қағып кеткен. Соның салдарынан біреуі аудандық ауруханада көз жұмды.

24 мамыр күні Атырау-Орал автожолының 258-шақырымында Ақжайық ауданы Алмалы ауылының 30 жасар тұрғыны мотоциклдің аударылуына жол берді. Жол апатының салдарынан 29 жасар жолаушының өмірі қиылды.

Соңғы жаңалықтар