Жарияланды: 540

БҚО-да азаматты ұрып-соққан полицейлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

БҚО-да азаматты ұрып-соққан полицейлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, Ақжайық аудандық прокуратурасы көршілес Атырау облысы Индер ауданы Индер ауылының тұрғыны А.Телебовтың арызын тексеру барысында анықталғанындай, 2011 жылғы 7 наурыз күні жергілікті уақыт 19.30 шамасында азаматтық киім киген 4 полиция қызметкері аталған азаматтың мекен-жайына келіп, Ақжайық ауданы Тайпақ полиция бөліміне өздерімен бірге баруды талап еткен. Тайпақ полиция бөліміне келгеннен соң, Ақжайық аудандық ІІБ-і Тайпақ полиция бөлімі бастығының орынбасары Г.Әбілхаировтың қызметтік бөлмесіне кіргізіп, Г.Әбілхайров пен Е.Ихсанов сол бөлмеде А.Телебовтың өзінің жасамаған қылмысты жасадым деп мойындату үшін ұрып-соққан. Осыған байланысты А.Телебов 9 наурызда ауруханаға қаралған. Сот-медициналық сараптама оның «ми соққысы, бас, дене және аяғындағы жарақат, қанталау» түрінде жеңіл дәрежедегі дене жарақатын алғандығын көрсетті. Аталған дерек бойынша Ақжайық ауданының прокуратурасы полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттерінде ҚР ҚК 141-1-бабы 2-бөлімі «а» тармағына (адамдар тобымен жасаған қинау) сәйкес қылмыс белгілерін анықтай отырып, қылмыстық іс қозғады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть