Жарияланды: 430

БҚО-да балалардың жазғы демалысына барынша көңіл бөлініп отыр

БҚО-да балалардың жазғы демалысына барынша көңіл бөлініп отыр.

Тасқала аудандық білім бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, бірінші кезекте аз қамтылған отбасылардан - 242, көп балалы үйдегі - 168, толық емес отбасыдан - 184, қамқорлықтағы 28, 46 мүмкіндігі шектеулі және диспансерлік есептегі 183 жеткіншек демалып, сауықпақ. Оқушылардың демалыс және сауықтыру шараларын ұйымдастыруға жалпы білім беру қорынан 8,1 млн. астам теңге, ата-аналар есебінен 3 млн. астам теңге, демеушілер есебінен 198 мың теңге тартылмақ. Биыл ауданда су тасқыны орын алуына байланысты одан зардап шеккен отбасылар балалары тегін демалады. Атап айтқанда, 56 бала «Балдәурен» ресупбликалық оқу-сауықтыру орталығында, 100-і «Талап» демалыс лагерінде тынықпақ. Сонымен қатар «ҚазТрансГаз» АҚ-ның қолдауымен 20 оқушы Ресей Федерациясының Анапа қаласындағы сауықтыру лагерінде, тағы бір шәкірт «Конденсат» компаниясы есебінен Италияда демалмақ. Осындай шаралар облыс орталығы мен аудандарда ұйымдастырылуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін