Тасқала аудандық білім бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, бірінші кезекте аз қамтылған отбасылардан — 242, көп балалы үйдегі — 168, толық емес отбасыдан — 184, қамқорлықтағы 28, 46 мүмкіндігі шектеулі және диспансерлік есептегі 183 жеткіншек демалып, сауықпақ.
Оқушылардың демалыс және сауықтыру шараларын ұйымдастыруға жалпы білім беру қорынан 8,1 млн. астам теңге, ата-аналар есебінен 3 млн. астам теңге, демеушілер есебінен 198 мың теңге тартылмақ.
Биыл ауданда су тасқыны орын алуына байланысты одан зардап шеккен отбасылар балалары тегін демалады. Атап айтқанда, 56 бала «Балдәурен» ресупбликалық оқу-сауықтыру орталығында, 100-і «Талап» демалыс лагерінде тынықпақ. Сонымен қатар «ҚазТрансГаз» АҚ-ның қолдауымен 20 оқушы Ресей Федерациясының Анапа қаласындағы сауықтыру лагерінде, тағы бір шәкірт «Конденсат» компаниясы есебінен Италияда демалмақ.
Осындай шаралар облыс орталығы мен аудандарда ұйымдастырылуда.