Жарияланды: 420

БҚО-да білім беру бюджеті 32,2 млрд. теңгені құрап отыр

атыс Қазақстан облысында білім беру бюджеті 32,2 млрд. теңгені құрап отыр.

Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, өңірде биыл төрт бірдей білім беру нысанын күрделі жөндеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ он екі жылдық білім деңгейіне көшуге дайындық мақсатында республикалық бюджет есебінен 30 биология, 27 лингафонды және мультимедиялық кабинет алу ойластырылған. Өңірде 433 мектеп (92,8 мың оқушы) болса, соның 430-ы (92,7 мың шәкірт) - мемлекеттік, үшеуі (0,1 мың оқушы) жеке болып табылады. Мектептерде 8547 компьютер бар немесе 11 оқушыға бір компьютерден келеді. Облыстағы 423 жалпы білім беретін мектептің 195-і (46,1 пайызы) үлгі жобамен салынбаған ғимараттарда орналасқан. Мұны аз оқушысы бар бастауыш мектептерді жауып, жаңа үлгі жобадағы ғимараттар салу есебінен шешу көзделуде. Өңірде 134 балабақша, 37 мектеп-балабақша кешені, 270 шағын орталық бар. Мектепке дейінгі ұйымдарға кезек көп. 2009 жылы Орал қаласында кезекке тұрған 9023 бүлдіршін тіркелсе, 2010 жылы 10723-ке жеткен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін