БҚО-да білім беру бюджеті 32,2 млрд. теңгені құрап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да білім беру бюджеті 32,2 млрд. теңгені құрап отыр

БҚО-да білім беру бюджеті 32,2 млрд. теңгені құрап отыр

атыс Қазақстан облысында білім беру бюджеті 32,2 млрд. теңгені құрап отыр.

  • 22 Маусым 2011
  • 401
Фото - Caravan.kz

Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, өңірде биыл төрт бірдей білім беру нысанын күрделі жөндеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ он екі жылдық білім деңгейіне көшуге дайындық мақсатында республикалық бюджет есебінен 30 биология, 27 лингафонды және мультимедиялық кабинет алу ойластырылған.

Өңірде 433 мектеп (92,8 мың оқушы) болса, соның 430-ы (92,7 мың шәкірт) — мемлекеттік, үшеуі (0,1 мың оқушы) жеке болып табылады.

Мектептерде 8547 компьютер бар немесе 11 оқушыға бір компьютерден келеді.

Облыстағы 423 жалпы білім беретін мектептің 195-і (46,1 пайызы) үлгі жобамен салынбаған ғимараттарда орналасқан. Мұны аз оқушысы бар бастауыш мектептерді жауып, жаңа үлгі жобадағы ғимараттар салу есебінен шешу көзделуде.

Өңірде 134 балабақша, 37 мектеп-балабақша кешені, 270 шағын орталық бар. Мектепке дейінгі ұйымдарға кезек көп. 2009 жылы Орал қаласында кезекке тұрған 9023 бүлдіршін тіркелсе, 2010 жылы 10723-ке жеткен.

Соңғы жаңалықтар