БҚО-да біреудің үстінен жалған сөз жеткізу төрт есеге көбейіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да біреудің үстінен жалған сөз жеткізу төрт есеге көбейіп отыр

БҚО-да біреудің үстінен жалған сөз жеткізу төрт есеге көбейіп отыр

Батыс Қазақстан облысында биылғы тоғыз айда көрінеу жалған сөз жеткізу деректері бойынша

  • 28 Қазан 2015
  • 314
Фото - Caravan.kz


47 қылмыстық құқықбұзушылық (ҚР ҚК 419-бабы) тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді, бұл өткен жылғыдан (13) төрт есе дерлік көп.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, өткен жылы сотқа 9 қылмыстық іс жолданса, биыл 17-ге жетті.

Бұл санаттағы құқықбұзушылықты тіркеудің көбеюі, біріншіден, қылмыстық үдерістің бастапқы сатысы өзгеруіне, тіркеуге қатысты нормативтік-құқықтық актілер талаптарының күшейтілуіне байланысты.

Жалған сөз жеткізуге қатысты сотқа дейінгі істің көпшілігі ішкі істер органдарымен (40), сондай-ақ арнайы прокурорлармен (3), экономикалық тергеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтермен (2) тіркелген. Мысалы, БҚО прокуратурасы арнайы прокурорлар басқармасы сотқа дейінгі тергеу барысында жәбірленуші Молдашевтің құқық қорғау органдарына Жалпақтал полиция бөлімі бастығының орынбасары Дегенбаевтың үстінен «Қызметтік орнында дене жарақаттарын келтірді» деп, жалған сөз жеткізгенін әшкереледі. Соның нәтижесінде Қазталов аудандық сотының үкімімен Көктерек ауылының тұрғыны Молдашев кінәлі деп танылып, оның 1 жыл 6 айға бас бостандығы шектелді. Мұндай мысалдар, өкінішке қарай, аз болмай тұр, бұл құқық қорғау органдарының өз қызметін жедел атқаруына кедергі келтіреді. 

Соңғы жаңалықтар