БҚО-да екі бірдей адамды аса қатыгездікпен өлтірген азаматтың ісі сотқа берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да екі бірдей адамды аса қатыгездікпен өлтірген азаматтың ісі сотқа берілді

БҚО-да екі бірдей адамды аса қатыгездікпен өлтірген азаматтың ісі сотқа берілді

Алдын ала тергеуді сапалы жүзеге асырудың нәтижесінде Батыс Қазақстан облысының арнайы прокурорлар тобы

  • 2 Маусым 2011
  • 470
Фото - Caravan.kz

ҚР ҚК-нің 145-бабы, 2-бөлімі, 96-бабы, 2-бөлімі, «а, д, к, о» тармақтары, 175-бабы, 1-бөліміне сәйкес (тұрғын үйге заңсыз ену, аса қатыгездікпен жасалған, басқа қылмысты жасыру мақсатымен адам өлтіру, көрінеу кәмелетке толмаған баланы өлтіру) қылмысты жасағаны үшін В.Ложкинді айыптау бойынша қозғалған қылмыстық істі сотқа жолдады.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, биылғы 13 наурызда В.Ложкин мас күйінде, түнгі уақытта Ақсай қаласы, Арыстанов көшесі, 2-үй, 24-пәтерде тұратын И.Зобинаның үйіне заңсыз кіріп, адам өлтіру мақсатымен, оған аса қатыгездікпен 56 рет пышақ сұғып, кейін тамағынан бауыздаған. Содан соң қылмысты жасыру мақсатымен пәтерде болған И.Зобинаның кәмелетке толмаған ұлы, 2004 жылғы А.Зобинге 12 рет пышақ салып, оны да бауыздап өлтірген.

Бұнымен де тоқтамай, аса ауыр қылмыстың ізін жасыру мақсатымен және қарақшылық шабуыл қылмысы ретінде көрсету үшін И.Зобинаның жеке мүлкін ұрлап, жалпы сомасы 380 мың теңгеге материалдық залал келтіріп, ұрланған мүлікпен қылмыс орнынан бой тасалаған.

Соңғы жаңалықтар