БҚО-да екі жігіт жолда өтіп бара жатқан әйелді орманға апарып зорлаған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да екі жігіт жолда өтіп бара жатқан әйелді орманға апарып зорлаған

БҚО-да екі жігіт жолда өтіп бара жатқан әйелді орманға апарып зорлаған

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәліметінше, оқиға Оралда саяжайлардың бірінің маңындағы орманда болған.

  • 11 Маусым 2021
  • 1736
Фото - Caravan.kz

Кешкі уақытта Л. есімді 1989 жылғы әйел сол тұстан өтіп бара жатқан кезде арақ ішіп отырған екі тұрғынның бірі оны байқап қалған. Содан кейін оны қуып жетіп, тамағынан ұстап, орманға кіргізіп, зорлаған.

Сосын күш көрсетіп, арақ ішкізген. Егер полицияға шағымданатын болса, кек аламыз деп қорқытқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Түркістан басылымына сілтеме жасап.

Зорлықшылардан қашып құтылған әйел үйіне барғаннан кейін түнгі сағат 01.00-ге таман полицияға жүгінген. Жедел тергеу тобы оқиға орнына жетіп, қарағаннан кейін үш сағат өткен соң күдіктілер қалада қолға түсті. Олар көпқабатты үйдің ауласында арақ ішуін жалғастырған.

«Қазіргі кезде тергеу изоляторында отырған Бөрлі ауданының 1988 жылғы И. және Орал қаласының 1975 жылғы Ы. деген тұрғынына қатысты ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігіне сәйкес (зорлау) тергеу амалдары жүргізілуде. Екеуі де бұрын ұрлық жасап, кісі тонағаны үшін сотталған», – деді Б.Белгібеков.


Соңғы жаңалықтар