БҚО-да инфляция деңгейі 104,6 пайызды құрады
Батыс Қазақстан облысында биылғы маусымда инфляция дейгейі өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,6 пайызды құрады. |
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, 2011 жылдың қаңтар-маусымында азық-түлік тауарларының бағасы 7,3 %-ға өсті. Еттің бағасы 11,1 %-ға, соның ішінде жылқы еті 7,6 %-ға, шошқа еті - 11,6 %-ға, қой еті - 12,4 %-ға, сиыр еті 15,8 %-ға қымбаттады.
Биылғы алты айда көкөністер мен жемістер бағасы - 13,2 %-ға, соның ішінде орамжапырақ - 20,7 %-ға, қызылша - 37,7 %-ға, пияз - 39,6 %-ға өсті. Картоп 20,5 %-ға қымбаттады. Қант - 14,2 %-ға, ұн бағасы 7,3 %-ға көтерілсе, күріш 7 %-ға, жұмыртқа 6,8%-ға арзандады.
Қазақстанның басқа аймақтарымен салыстырғанда, облыста ең төмен бағалар жоғары және бірінші сұрыпты бидай ұны, бірінші сұрыпты бидай наны, вермишель, ірімшік, қой еті, шала ысталған шұжық, жаңа ауланған балық, майшабақ, жеміс-жидек карамелі сынды өнімдерге қалыптасты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін