БҚО-да инфляция деңгейі 104,6 пайызды құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да инфляция деңгейі 104,6 пайызды құрады

БҚО-да инфляция деңгейі 104,6 пайызды құрады

Батыс Қазақстан облысында биылғы маусымда инфляция дейгейі өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,6 пайызды құрады.

  • 14 Шiлде 2011
  • 446
Фото - Caravan.kz

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, 2011 жылдың қаңтар-маусымында азық-түлік тауарларының бағасы 7,3 %-ға өсті. Еттің бағасы 11,1 %-ға, соның ішінде жылқы еті 7,6 %-ға, шошқа еті — 11,6 %-ға, қой еті — 12,4 %-ға, сиыр еті 15,8 %-ға қымбаттады.

Биылғы алты айда көкөністер мен жемістер бағасы — 13,2 %-ға, соның ішінде орамжапырақ — 20,7 %-ға, қызылша — 37,7 %-ға, пияз — 39,6 %-ға өсті. Картоп 20,5 %-ға қымбаттады. Қант — 14,2 %-ға, ұн бағасы 7,3 %-ға көтерілсе, күріш 7 %-ға, жұмыртқа 6,8%-ға арзандады.

Қазақстанның басқа аймақтарымен салыстырғанда, облыста ең төмен бағалар жоғары және бірінші сұрыпты бидай ұны, бірінші сұрыпты бидай наны, вермишель, ірімшік, қой еті, шала ысталған шұжық, жаңа ауланған балық, майшабақ, жеміс-жидек карамелі сынды өнімдерге қалыптасты.

Соңғы жаңалықтар