БҚО-да инвестиция көлемі 50,5 млрд. теңгені құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да инвестиция көлемі 50,5 млрд. теңгені құрады

БҚО-да инвестиция көлемі 50,5 млрд. теңгені құрады

Батыс Қазақстан облысында биылғы бес айдағы инвестиция көлемі 50,5 млрд. теңгені құрады.

  • 21 Маусым 2011
  • 430
Фото - Caravan.kz

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, инвестицияның басым көпшілігі немесе 72,3 пайызы өнеркәсіпке бағытталған. Сондай-ақ 7,8 пайызы — көлік пен қоймалау, 7,6 пайызы — кәсіптік, ғылыми-техникалық қызмет, 4,6 пайызы — жылжымайтын мүлікпен жұмыс, 1,6 пайызы — білім беру, 1,2 пайызы сауда саласына жұмсалып отыр.

Инвестицияның қомақты бөлігі Бөрлі (27,1 млрд. теңге), Зеленов (12,6 млрд. теңге) аудандары мен Орал қаласында (8,1 млрд. теңге) кәдеге жаратылуда.

Шетелдік инвестиция 28,9 млрд. теңгені құраса, 3657,9 млн. теңге республикалық, 514,9 млн. теңге жергілікті бюджет, 17352,1 млн. теңге кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысы есебінен түскен.

Соңғы жаңалықтар