Азапталып өлтірілген Айдана Досқалиева тамыз айында із-түссіз жоғалған болатын. Қыз сол күні Оралдан Щапов ауылына қайтқан. Ағайындарының айтуынша жолақыны үнемдеу үшін Айдана көрші Серебряков ауылына автобуспен жетіп, ары қарай Щаповқа дейін жолдан кезіккен көлікке келісілген бағаға отырып кетеді екен. Бойжеткеннің ақ Жигулиге отырғанын көргендер де бар. Осылайша сау кеткен Айдана табытпен оралды.
Тілеген Досқалиев, марқұмның әкесі:
-Өлтірген адамдарға тиісті жаза берілуін сұраймын. Жазасыз қалмасын. Ата-анасының атынан соны айтамын. Қалай өлтірді солай жазасын беруді ұсынамын.
Ғайыптан пайда болып жасырын жоғалған ақ Жигули сол күйі жоқ. Тергеушілер аудандағы ұқсас темір тұлпарларды түгел тінткен. Бірақ қылмыстың табы білінбейді. Айдананың денесі арада бірнеше күн өткенде ғана Көшім каналынан табылып отыр. Қазір елді-мекен түгел аяқтарынан тік тұрған. Үміттен гөрі үрей басым елде.
Айтқали Әбжан, Щапов ауылдық округінің әкімі:
-Мәйітті ата-аналары бірден таныды. Расында каналдағы Айдананың денесі болып шықты. Сот-медициналық сараптамадан соң бүгін марқұмның денесі ауылға әукелініп жер қойнына тапсырылды.
Ал тәртіп сақшылары болса жұмған ауыздарын ашпады. Қылмысты көзбен көргенмен, өлімнің болғанмен білгенмен сараптама деген сылтаумен қаннен қаперсіз отыр. Ал әбден ашынған марқұмның туыстары полицейлер саусақтарын сол күйі қимылдатпаса айыптыны өз күштерімен іздеп тауып жазаламақ.