Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бес жасар баланың денесі бүгін сағат 11.00-де Ақжайық ауданы Жанама ауылы маңындағы Қарасудан (Жайық өзеніне қосылады) табылған. Оны сүңгуірлер судан алып шықты. Екі жасар баланы іздестіру жалғасуда. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда ағалы-інілі балалардың жоғалып кеткенін жазған болатынбыз.