«27 мамыр күні сағат 14:10-да оперативті кезекшіге жергілікті тұрғындар қоңырау шалып, Жақсыбай ауылдық округында Айдарлы және Байауыл нүктелерінде 10 шақырым жерде 100 киіктің, негізінен ұрғашы киіктердің өліктерін тапқанын хабарлаған», — делінген ведомствоның ақпаратында.
ТЖМ-нің мәліметіне сәйкес, Жәнібек ауданының әкімдігі жабайы жануарлардың қырылу себептерін тексеру және нақты санын анықтау мақсатында комиссия құрды.
ТЖ орнына БҚО бойынша республикалық ветеринарлық зертхананың мамандары аттанды. Киіктердің қырылу себептері анықталып жатыр.
Еске сала кетейік, мұндай оқиға 2010 жылдың 20 мамырында да тіркелген, ол кезде пастереллез деген диагноз анықталды.