БҚО-да киіктердің қырылу себептерін арнайы құрылған комиссия анықтайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да киіктердің қырылу себептерін арнайы құрылған комиссия анықтайды

БҚО-да киіктердің қырылу себептерін арнайы құрылған комиссия анықтайды

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының әкімдігі құрған арнайы комиссия Жақсыбай ауылдық округының аумағынан табылған 100 киіктің қырылу себептерін анықтауға кірісті, деп хабарлайды жұма күні ТЖМ баспасөз қызметі.

  • 27 Мамыр 2011
  • 453
Фото - Caravan.kz

«27 мамыр күні сағат 14:10-да оперативті кезекшіге жергілікті тұрғындар қоңырау шалып, Жақсыбай ауылдық округында Айдарлы және Байауыл нүктелерінде 10 шақырым жерде 100 киіктің, негізінен ұрғашы киіктердің өліктерін тапқанын хабарлаған», — делінген ведомствоның ақпаратында.

ТЖМ-нің мәліметіне сәйкес, Жәнібек ауданының әкімдігі жабайы жануарлардың қырылу себептерін тексеру және нақты санын анықтау мақсатында комиссия құрды.
ТЖ орнына БҚО бойынша республикалық ветеринарлық зертхананың мамандары аттанды. Киіктердің қырылу себептері анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, мұндай оқиға 2010 жылдың 20 мамырында да тіркелген, ол кезде пастереллез деген диагноз анықталды.

Соңғы жаңалықтар