БҚО-да кісі өлтіру 13,6, алаяқтық 24,1 пайызға өсіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да кісі өлтіру 13,6, алаяқтық 24,1 пайызға өсіп отыр

БҚО-да кісі өлтіру 13,6, алаяқтық 24,1 пайызға өсіп отыр

БҚО әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалық етуімен өткен кеңейтілген мәжілісте қылмыспен күрес және оның алдын алу мәселелері талқыланды.

  • 4 Қазан 2013
  • 452
Фото - Caravan.kz

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш департамент басшысы Махамбет Әбисатов, облыс прокурорының орынбасары Бақытберген Қасымбаев қылмысқа байланысты өткір мәселелерді қозғады. Атап айтқанда, мал ұрлығының 90 пайызы төрт түліктің бағусыз кетуінен, пәтер тонаудың 73 пайызы тұрғын үйдің дұрыс қорғалмауынан болып отыр. Сондай-ақ саяжайлардың 88 пайызы мен гараж кооперативтерінің 56 пайызы күзетілмейді, 142 мың (80 пайыз) автокөлік үшін ақылы тұрақ жоқ. Түнгі қылмыстардың 65 пайызы жарықтандырылмаған жерлерде орын алады.


Өңірде қоғамдық қауіпсіздік саласындағы жолы кесілген құқықбұзушылық 7,5 мыңға немесе 32,1 пайызға көбейіп отыр. Сонымен қатар ауыр қылмыс 4,8, аса ауыр қылмыс 7,4, кісі өлтіру 13,6, ауыр дене жарақатын салу 22,7, қарақшылық 13,0, алаяқтық 24,1, есірткі қылмысы 6,5, есірткі сату 5,0 пайызға өсті.

Мәжіліс барысында қылмыспен күресті күшейту және алдын алу бағытында нақты шаралар белгіленіп, тапсырмалар берілді.