БҚО-да медбике жалған дипломмен 10 жыл бойы халықты емдеген - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да медбике жалған дипломмен 10 жыл бойы халықты емдеген

БҚО-да медбике жалған дипломмен 10 жыл бойы халықты емдеген

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық ауруханасында медбике он жылға жуық білімі туралы жалған дипломмен жұмыс істеген. Бұл жайтты мемлекеттік мекеменің директоры аккредиттеуден өту кезінде анықтаған.

  • 24 Қараша 2021
  • 32
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Аккредиттеуден өту кезінде медициналық мекеме өз қызметкерлерінің дипломдарын қайта тексереді. Тексеру үшін олардың тізімі мамандарды даярлаумен және оқытумен айналысатын жоғары оқу орындары мен колледждерге жіберіледі.

"Амбулаторияның 37 жастағы қызметкерінде медициналық колледжді бітіргені туралы диплом көшірмесі болды. Бірақ ақпаратты тексеру кезінде колледжде ондай түлек жоқ екені белгілі болды. Тексеріс кезінде әйел декреттік демалыста болған. Ол дипломның түпнұсқасын жоғалтып алғанын айтып, өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш жазды. Мен құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болдым. Бұл оқиғаны елемеуге болмайды. Ол адамдарды емдейді", — деді БҚО Жаңақала аудандық орталық ауруханасының директоры Сержан Есенгүбеков.

Полиция бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Жалған құжат жасаушы кім екендігі анықталды.


"Бұл жағдайға қатысты ҚР ҚК 385-бабы, 3-бөлігі ("Жалған құжаттарды қолдан жасау немесе өткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жалған құжаттарды қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз", — деп хабарлады полиция департаменті.

Осы баптың санкциясы ірі айыппұлдан бастап екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейтінін айта кету керек.

Соңғы жаңалықтар