Жарияланды: 460

БҚО-да ондаған малдың қырылуына аусыл себеп болуы мүмкін

Өткен жексенбі күні Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округының аумағындағы Лбищенск ауылында ондаған бас ірі қара мал (ІҚМ) мен ұсақ тұяқты малдың (ҰТМ) қырылуына аусыл себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Қазақстанның ТЖМ.

Аймақтан түскен ветеринарлардың мәліметтеріне сілтеме жасаған ведомство ауырған малдан аусылға ұқсас белгілер байқалғанын хабарлайды: дене қызуының көтерілуі, түкірік бөліну, аяқтарының іріңдеуі. Аурудың бас көтеруіне байланысты 50 ІҚМ мен 48 ҰТМ өртелді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің БҚО бойынша аумақтық инспекциясы мен Ақжайық АІІБ инфекцияның таралуына жол бермеу үшін округты бекеттер ұйымдастырды. Ауру жұқтырған малды жою және көму үшін орын бөлінді. Ал ауылда халықтың 3500 бас малы бар, онда залалсыздандырушы шаралар жүргізіліп жатыр. Малдың қырылу себептерін анықтау мақсатында жануарлардың ішкі мүшелері облыстық ветзертханаға зерттеуге жіберілді. Аудандық ветеринарлар болса, аусыл деген диагноз қойып отыр, делінген ақпаратта.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін