БҚО-да өнеркәсіп саласындағылардың орташа жалақысы - 194,6 мың теңге - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да өнеркәсіп саласындағылардың орташа жалақысы - 194,6 мың теңге

БҚО-да өнеркәсіп саласындағылардың орташа жалақысы - 194,6 мың теңге

Батыс Қазақстан облысында бір қызметкердің орташа жалақысы 95485 теңгені құрады.

  • 25 Желтоқсан 2012
  • 276
Фото - Caravan.kz

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, ең жоғары еңбекақы өнеркәсіпте — 194,6 мың теңге (облыстық көрсеткіштен 2 есеге артық), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында — 140,9 мың теңге (1,5 есе), құрылыста — 138,4 мың теңге (1,4 есе), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте — 117,4 мың теңге (1,2 есе), көлік және қоймалауда — 116,8 мың теңге (1,2 есе), қаржы және сақтандыруда 115,5 мың теңгеге (1,2 есе) жетті.

Ең төменгі жалақы бұрынғысынша ауыл, орман және балық шаруашылығында сақталып отыр, мұнда облыстық көрсеткіштің 45 пайызына тең.

Аумақтық жағынан алғанда, Бөрлі ауданында жалақы 226 мың теңгеге жетті, бұл облыстағыдан 2,4 есеге көп.