БҚО-да қасқыр бес адамға шабуыл жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да қасқыр бес адамға шабуыл жасады

БҚО-да қасқыр бес адамға шабуыл жасады

Батыс Қазақстан облысында қасқыр шауып, бес адам зардап шекті. Оқыс оқиға Ақжайық ауданының Алғабас ауылында болған. Түз тағысы ауыл ішіне кіріп, малды жайылымға шығарып жүрген тұрғындарға бас салыпты.

  • 1 Желтоқсан 2012
  • 408
Фото - Caravan.kz

Мұратбек Бақтығали, Алғабас ауылының тұрғыны:

— Мен мал шығарып тастайын деп сыртқа шықтым. Бір сұр ит келіп, тұмсығымнан секіріп, мұрнымды жұлып алды. Мен оны итеріп тастап ем, ол қайта секірді. Сол кезде сиырым бұрылып итті итеріп жіберді, сонда ғана ол қашты. Осында келгесін ғана бұл ит емес, қасқыр екенін айтты.

70 жастағы Мұратбек Бақтығали қасқырдың жеміне айнала жаздаған ауылдың алғашқы тұрғыны екен. Түз тағысы мұнан кейін мал шығарып жүрген өзге адамдарға да шауыпты. Тек қолы қарулы азаматтардың бірі қасқырды таяқпен ұрып өлтірген. Жалпы көкжалдың тісінен 5 адам зардап шегіп, олардың барлығы аудандық ауруханаға жеткізілді. Ал қасқырдың мұндай оқыс әрекетке баруын қазір мамандар анықтап жатыр. Миы сараптамаға жіберілген. 


Ринат Жоламанов, травматолог-дәрігер:

— Таңертен Алғабас ауылында қасқыр шапты деген хабар келді. Біз бірден вакцина дайындап, егу жұмыстарын жүргіздік. Зардап шеккендердің беті, мұрны мен аяқтары тістелген. Қазір жағдайлары қалыпты.