Оған Қырғызстан, Әзірбайжан, Ресей және Қазақстан өкілдері қатысып, төтенше жағдайларды болдырмау және зардаптарын тез жою бағытында шеберліктерін жетілдіруде.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, шара мақсаты — ұйымдар басшыларын дайындау, түрлі апаттарға байланысты төтенше жағдайлардың алдын алудағы әдіс-тәсілдерді үйрену.
Бүгін апаттық-құтқару қызметтерінің өкілдері Қарашығанақтағы «ҚПО б.в.» компаниясының оқу полигонында машықтық сабаққа қатыспақ.
Семинар ертең қорытындыланады.