Жарияланды: 330

БҚО-да қылмысты тіркеуден жасырды деген айып тағылған полицей ақталып шықты

Бөрлі аудандық сотының үкімімен Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімінің қылмысты іздестіру бөлімінің жедел уәкілі ақталды.

Облыстық сотың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, іс материалдарына сәйкес, қылмысты іздестіру органы К-ға қылмысты іздестіру органының лауазымды тұлғасы бола тұрып, жасалған ұрлық туралы хабар берген азамат Р-ны алдау және күш көрсету арқылы ауыр қылмысты қасақана түрде жасырған деген айып таққан. Сонымен қатар ол азамат Р-ның арызы мен рапортын жойып жіберген. Сот қылмыстық істі зерделеп, іс бойынша жинақталған материалдарды саралай келіп, ҚР ҚК 363-1-бабы 2-бөлімінің «а» тармағы бойынша К-ны кінәлі емес деп тауып (қылмыстық қудалау органының лауазымды тұлғасының анық дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы өтiнiш немесе хабарлама берген адамға қатысты алдау, азғыру, қорқыту немесе өзге де заңсыз iс-әрекеттер арқылы не аталған адамның өтiнiшiн кез келген өзге тәсiлмен жою немесе жасыру арқылы кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмысты тiркеуден қасақана жасыруы), оның іс-әрекетінде талассыз дәлелдердің жоқтығынан қылмыстық құрамның болмауына байланысты оны ақтап шықты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін