БҚО-да қылмысты тіркеуден жасырды деген айып тағылған полицей ақталып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да қылмысты тіркеуден жасырды деген айып тағылған полицей ақталып шықты

БҚО-да қылмысты тіркеуден жасырды деген айып тағылған полицей ақталып шықты

Бөрлі аудандық сотының үкімімен Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімінің қылмысты іздестіру бөлімінің жедел уәкілі ақталды.

  • 31 Қазан 2012
  • 316
Фото - Caravan.kz

Облыстық сотың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, іс материалдарына сәйкес, қылмысты іздестіру органы К-ға қылмысты іздестіру органының лауазымды тұлғасы бола тұрып, жасалған ұрлық туралы хабар берген азамат Р-ны алдау және күш көрсету арқылы ауыр қылмысты қасақана түрде жасырған деген айып таққан. Сонымен қатар ол азамат Р-ның арызы мен рапортын жойып жіберген.

Сот қылмыстық істі зерделеп, іс бойынша жинақталған материалдарды саралай келіп, ҚР ҚК 363-1-бабы 2-бөлімінің «а» тармағы бойынша К-ны кінәлі емес деп тауып (қылмыстық қудалау органының лауазымды тұлғасының анық дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы өтiнiш немесе хабарлама берген адамға қатысты алдау, азғыру, қорқыту немесе өзге де заңсыз iс-әрекеттер арқылы не аталған адамның өтiнiшiн кез келген өзге тәсiлмен жою немесе жасыру арқылы кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмысты тiркеуден қасақана жасыруы), оның іс-әрекетінде талассыз дәлелдердің жоқтығынан қылмыстық құрамның болмауына байланысты оны ақтап шықты.

Соңғы жаңалықтар