БҚО-да саяйжаларды шарпыған орман және дала өртін ауыздықтау қиынға түсуде - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да саяйжаларды шарпыған орман және дала өртін ауыздықтау қиынға түсуде

БҚО-да саяйжаларды шарпыған орман және дала өртін ауыздықтау қиынға түсуде

Батыс Қазақстан облысын тағы да өрт әбігерге салып жатыр. Бұл жолы Ақжайық ауданындағы екі мың гектар алқап қызыл жалынға оранды. Тілсіз жауды ауыздықтауға тіпті аймақ басшысының өзі де атсалысуда.

  • 10 Қыркүйек 2015
  • 236
Фото - Caravan.kz

Жайық өзенін бойлай өскен тал-теректің түгі қалмапты. Өртті сөндіруге елуге жуық адам тартылған. Олардың қатарында еріктілер де бар. Жалынның одан әрі жайылмауы үшін тікұшақ алдыртуға тура келіпті. Ал тәртіп сақшылары оттың неден тұтанғанын тексеріп әлек. Олардың болжамдарына қарағанда, аңшылар шоқты сөндірмей кеткен көрінеді. Ал осыншама уақыт бойы тілсіз жауды ауыздықтауға ауа райы кедергі келтіріп жатыр. 

Рашид Біләлов, БҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің бастығы:

— Аптап ыстық және жел тұрып өртті сөндіруге қиындық туғызып отыр. Десе де қазір жалынның жолын бөгегендей болдық. 

Соңғы жаңалықтар