Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, атап айтқанда, мектепке дейінгі мекеме директорының биылғы 1 ақпандағы бұйрығымен Орал қалалық сотының 2011 жылғы 13 қаңтардағы үкімімен ҚР ҚК 103-бабы 1-бөліміне сәйкес 2 жыл шартты мерзімге сотталған М.Қаубасов дене тәрбиесі мұғалімі ретінде жұмысқа алынған. Заңға сәйкес мұндай адамдар білім беру ұйымындағы жұмысқа жіберілмейді.
Прокуратура ұсынысына сәйкес М.Қаубасов директордың бұйрығымен қызметінен босатылды.