Жарияланды: 430

БҚО-да су тасқынына байланысты жүргізіліп жатқан құрылыс барысын «нұротандықтар» бақылауға алмақ

БҚО-да су тасқынына байланысты жүргізіліп жатқан құрылыс барысын «нұротандықтар» бақылауға алмақ.

Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асланбек Сарқұлов мәлім етті. Оның айтуынша, қалалық партия филиалы жанынан құрылған партиялық бақылау комиссиясы бақылаушы топпен бірігіп, биыл 240 пәтерлі бі тоғыз қабатты, 90 пәтерлі алты бес қабатты тұрғын үй мен 290 орындық екі балабақша және 1200 орындық мектеп құрылысын қадағаламақшы. Белгіленген тәртіп бойынша бақылаушы топ аптасына бір рет аталған құрылыс нысандарына барып, жұмыстың сапасы мен игерілген қаржы көлемін және оның мақсатты жұмсалуын тексеріп тұрады. Құрылыс жұмысында ақау болған жағдайда бұл жөнінде тиісті орындарға жедел хабарланады. Қажет болған жағдайда тәуелсіз сарапшылар тобы да құрылады. Облыстық құрылыс басқармасы әлеуметтік нысандар құрылысы бөлімінің бастығы Әнуар Мүтеевтің сөзіне қарағанда, аталған нысандар негізінен қыркүйек айына дейін тапсырылуы тиіс.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін