БҚО-да тәртіп сақшылары «Танысуға рұқсат етіңіз» іс-шарасын өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да тәртіп сақшылары «Танысуға рұқсат етіңіз» іс-шарасын өткізді

БҚО-да тәртіп сақшылары «Танысуға рұқсат етіңіз» іс-шарасын өткізді

Батысқазақстандық тәртіп сақшылары 13-26 маусым аралығында «Танысуға рұқсат етіңіз» іс-шарасын өткізді.

  • 29 Маусым 2011
  • 431
Фото - Caravan.kz


Облыстық ішкі істер департаментінен түскен мәліметке қарағанда, өңірде 270 учаске аумағында 87725 пәтер, 191812 тұрғын үй орналасқан. Учаскелік полиция инспекторлары осының 139511-ін аралап шығып, өздерін таныстырды. Шара барысында жедел ақпарат алып, криминалдық полиция бөліністеріне жолдау, қолайсыз отбасылар, көші-қон заңдылығын бұзушылық, жеке пәтерлерді жалға берушілерді анықта жұмыстары атқарылды. Атап айтқанда, 26 жедел ақпараттың 25-і криминалдық полицияға, біреуі есірткімен күрес бөліміне жолданды. Соның алтауы бойынша қылмыстық іс қозғалса, 19-і жедел есепке алынды. 66 қолайсыз отбасы анықталып, көші-қон саласында 106 заңбұзушылыққа байланысты тиісті шаралар алынды. 88 жалға берілетін пәтер анықталып, мәлімет салық органдарына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар