БҚО-да телефон лаңкесі 6 жылға сотталуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да телефон лаңкесі 6 жылға сотталуы мүмкін

БҚО-да телефон лаңкесі 6 жылға сотталуы мүмкін

Тасқала  кентінде «Жедел жәрдемге» қоңырау шалып, ауруханада жарылғыш зат қойылды деп хабарлаған

  • 19 Қазан 2015
  • 332
Фото - Caravan.kz

42 жастағы ер адамды ұстады, деп жазды «Уральская неделя» газеті БҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— 10 қазанда, сағат 16.10-да Тасқала кентіндегі Тасқала орталық ауруханасының «103» номеріне белгісіз ер адам қоңырау шалып: «Сіздерде бүгін жарылыс болады», — деп хабарлаған. Қоңыраудан кейін полиция қызметкерлері  осы аудандағы Атамекен ауылының 42 жастағы тұрғынын ұстады. Қазір ол қамауда, — деп хабарлады БҚО ІІД баспасөз қызметінен.  

Лаңкестік жөніндегі жалған хабарлама жасағаны үшін 6 жылға дейін бостандығынан айыру қарастырылған. 2015 жылдан мұндай қылмыс үшін айыппұл төлеу және бостандығын шектеу жазалары алынып тасталды.  


Соңғы жаңалықтар