БҚО-да тұрғындар аулада дәрет сындырып тұрған полицейді видеоға түсіріп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да тұрғындар аулада дәрет сындырып тұрған полицейді видеоға түсіріп алды

БҚО-да тұрғындар аулада дәрет сындырып тұрған полицейді видеоға түсіріп алды

"Уральская неделя" басылымына оқырмандар полиция қызметкерінің киімін киген ер адамның көппәтерлі үйдің ауласында дәрет сындыр

  • 2 Ақпан 2017
  • 1581
Фото - Caravan.kz

"Уральская неделя" басылымына оқырмандар полиция қызметкерінің киімін киген ер адамның көппәтерлі үйдің ауласында дәрет сындырып тұрған видеосын жіберген. Видеода полиция қызметкерінің мас күйде жүргенін байқауға болады. Видеоның авторы полиция қызметкерінің бетін үлкен қылып түсіріп алған.

Видео 1 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында түсірілген. Видео авторының айтуынша, мас полицей Ақсай қаласының 5-ші ықшамауданының ауласында, балабақшаға жақын жерде дәрет сындырған.

"Менің ойымша Ақсай қаласының полиция басшылығына өз қызметкерлерінің қалай жүргені қызық болар, құқық қорғау органында жүріп осындай әрекеттерге барғаны ұят!", — деп жазған роликтің авторы видеоның астына.

БҚО ІІД-нің баспасөз қызметі айтуынша, Ақсай полициясының осы қызметкеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр, қорытындысы жақын күндері жарияланатын болады. Ақсай қаласында аулалардың бірінде дәрет сындырған полицейдің аты-жөні мен шені айтылған жоқ.
 


Соңғы жаңалықтар