БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Аталған қызметкер сотталған Шестопалов пен сотталушы Черныйдың биылғы 5 шілдеде аралығында изолятордан қашып кетуіне жол берген.
Айта кетейік, Бөрлі аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК 426-бабы 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылған Черный мен Шестопаловқа сәйкесінше 2 жыл және 3 жыл 6 айға бас бостандықтарынан айыру жазасы кесілген болатын. Бұл үкім заңды күшіне енді.