БҚО-да түрме қызметкері сотталушылардың қашып кетуіне жол берген - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да түрме қызметкері сотталушылардың қашып кетуіне жол берген

БҚО-да түрме қызметкері сотталушылардың қашып кетуіне жол берген

Бөрлі аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК 371-бабына (салғырттық) сәйкес Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімі уақытша ұстау изоляторының бұрынғы қызметкері Әубәкіровке қатысты айыптау үкімі шығарылып, оның бір жылға бас бостандығы шектелді.

  • 16 Қыркүйек 2016
  • 441
Фото - Caravan.kz


БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Аталған қызметкер сотталған Шестопалов пен сотталушы Черныйдың биылғы 5 шілдеде аралығында изолятордан қашып кетуіне жол берген.

Айта кетейік, Бөрлі аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК 426-бабы 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылған Черный мен Шестопаловқа сәйкесінше 2 жыл және 3 жыл 6 айға бас бостандықтарынан айыру жазасы кесілген болатын. Бұл үкім заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар