БҚО-да заң бұзған 23 медицина қызметкері жауапкершілікке тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да заң бұзған 23 медицина қызметкері жауапкершілікке тартылды

БҚО-да заң бұзған 23 медицина қызметкері жауапкершілікке тартылды

Бөрлі ауданы прокуратурасы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаменті қызметкерлерімен бірге «Бөрлі аудандық орталық ауруханасы» МКК қызметін тексерген кезде заңбұзушылықтың орын алғандығын анықтады.

  • 16 Маусым 2011
  • 464
Фото - Caravan.kz

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, мерзімі өткен үш дәрі-дәрмекті пайдалану фактісі ашылған. Дәрі-дәрмекті сақтау ережесі де бұзылған. Мәселен, 390974 теңгенің 1078,4 кг этильді спирті аурухананың бірінші қабатында сақталған. Мұндай тез тұтанатын, салмағы 100 кг жоғары сұйықтықтар әйнек немесе металл ыдыста бөлек ғимаратта сақталуы тиіс.

Тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуде де кемшіліктер орын алған. Мәселен, тіс дәрігері мен 19 орта буын медицина қызметкерінде тиісті сертификаттары жоқ, 9 дәрігер мен 24 орта буын қызметкері қайта даярлау курсынан өтпеген.

Тексеру қорытындысына сәйкес 23 медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар облыс прокуратурасының сенім телефонына «Жігер Ақтөбе» ЖШС кәсіпкерінен түскен қоңырау дабылы бойынша жедел топтың тексеру жүргізуі нәтижесінде «Облыстық клиникалық аурухана» МКК-да мемлекеттік сатып алу барысында заңбұзушылықтың орын алғандығы белгілі болды. Аталған емдеу мекемесі 6 млн. теңгеге жолаушылар лифтісін әкелу жөнінде мемлекеттік сатып алуды өткізген. Тапсырыс беруші өнім жеткізушілердің құқықтарын бұза отырып, ұсынымдардан негізсіз бас тарту жолымен, жоғары баға ұсынған «Горлифт» МКК-ға артықшылық көрсеткен.

Облыс прокуратурасының ұйғарымына орай негізсіз жұмсалған 400 мың теңгедей бюджет қаржысын кері қайтару бағытында шаралар алынды.

Соңғы жаңалықтар