БҚО-да жаңа білім нысандары салынып, іске қосылатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да жаңа білім нысандары салынып, іске қосылатын болады

БҚО-да жаңа білім нысандары салынып, іске қосылатын болады

БҚО-да жаңа білім нысандары салынып, іске қосылатын болады.

  • 13 Маусым 2011
  • 416
Фото - Caravan.kz

Облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Ердан Қатаевтың айтуынша, апатты жағдайдағы мектептердің орнына Ақжайық ауданы Ақсуат ауылында 230 орындық, Сайқұдықта 198 орындық, Қаратөбенің Үшанасында 108 орындық және Теректінің Көнеккеткенінде тағы бір ғимарат шетелдік инвестиция есебінен бой көтермек. Биыл Тасқала ауданы орталығында 100 орындық интернатымен 300 орындық мектеп пайдалануға берілмекші. Орал қаласында республикалық бюджет есебінен 80 орындық интернатымен 600 орындық ҚР тұңғыш Президентінің инновациялық мектебі, Самал ықшамауданында балабақша құрылысы жалғасуда. Шілде айында Теректі ауданы Подстепный ауылында, Бөкей ордасы ауданы орталығы Сайқында әрқайсысы 290 орындық балабақшалар құрылысы басталады. Сондай-ақ биыл Бөрлінің Қызылтал ауылында 320 орындық тағы бір балабақша салына бастайды. Сонымен бірге биыл Қаратөбе және Тасқала аудандары орталықтарында бос тұрған ғимараттарды күрделі жөндеу есебінен әрқайсысы 120 орындық қос балабақша іске қосылмақ. Қазталов ауданының Тереңкөл, Қараөзен, Қарасу ауылдарында басқа мақсатта пайдаланылып келген ғимараттар есебінен 150 орындықтан үш балабақша пайдалануға берілмек. Жалпы білім беретін мектептер жанынан 339 орындық 12 шағын орталық ашылады.

2011-2012 оқу жылында республикалық және жергілікті бюджет есебінен 2165 орындық сегіз мектепке дейінгі білім беру ұйымын салу көзделіп отыр. Осының бәрі 2012 жылы 3-тен 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен 95 пайызға дейін, 1-ден 6 жасқа дейінгі балдырғандарды 67 пайызға дейін қамтуға мүмкіндік бермек.

Соңғы жаңалықтар