БҚО-да «Жастар тәжірибесіне» сәйкес республикалық бюджеттен 156 млн. теңге бөлініп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да «Жастар тәжірибесіне» сәйкес республикалық бюджеттен 156 млн. теңге бөлініп отыр

БҚО-да «Жастар тәжірибесіне» сәйкес республикалық бюджеттен 156 млн. теңге бөлініп отыр

Батыс Қазақстан облысында биыл 1 мың түлекті «Жастар тәжірибесінен» өткізу үшін республикалық бюджеттен 156 млн. теңге бөлініп отыр.

  • 2 Маусым 2011
  • 481
Фото - Caravan.kz

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бас маманы Алмагүл Есенғалиеваның айтуынша, жергілікті қазына есебінен 250 жас тәжірибеден өтпек. Қоғамдық жұмысты ұйымдастыру, бос орындар жәрмеңкесі, әлеуметтік жұмыс орындарын ашу түлектерге өмірден өз орнын табуға септеседі.

Қазірдің өзінде 78 кәсіпкерлік нысанымен жас мамандарды қабылдау жөнінде келісімшарт жасалған. Осыған сәйкес 106 жұмыс орны ашылған. «Жастар тәжірибесінен» сәтті өтсе, ол маманды жұмыс беруші түпкілікті қалдыра алады. Сонымен қатар түлектің онда қалуы міндетті де емес. Ең бастысы, тәжірибе жинақтау, болашақ жұмыс орны үшін ұсынба алу болып табылады.

Соңғы жаңалықтар